Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының жатақханасы 2 корпустан құралған.
Мектеп -интернатта жалпы 12- тәрбиеші, 6 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс атқарады. Жоғары білімді тәрбиешілер саны -10 , арнайы орта білімді тәрбиешілер саны-2.
Модератор санатында 5 тәрбиеші болса. Алты тәрбиешінің көмекшісі жұмыс атқарады, жоғары білімді педагог мамандар.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесінде барлығы 91 тәрбиеленуші жатса, Тәуелсіздік көшесінде 162 тәрбиеленуші жатады.
Барлығы интернатта 253 тәрбиеленуші тұрады. Қыз балалар 134, ер балалар 119, Ауыл -75, Қала -178.
1-корпус - Тәуелсіздік көшесінде орналасқан 4 қабатты ғимарат.
Тәуелсіздік көшесі 2-ші қабатында 5-топтың 75 оқушылары жатады,
3 -ші қабатта 8- топта 27 тәрбиеленушілер орналасқан. 4-қабатта 6-шы топта 69 оқушы интернат жатақханасында жатады. Әр бөлмеде 3, 4 тәрбиеленуші тұрады.
Әр қабатта 1 демалыс бөлмеден бар. Жалпы әр қабатта: қыз балалар мен ұл балаларға арналған бөлек дәретхана, бөлек жуыну бөлмесі бар.
2-корпус – Әл-Фараби көшесінде орналасқан 4 қабатты ғимарат.
2-қабатта 7- сыныптар 34 оқушы тұрады .
3-қабатта 10-сынып оқушылары 21 оқушы тұрады .
4-қабатта 9-сыныптар 23 оқушы тұрады.
Әр бөлмеде 4 тәрбиеленуші тұрады. Жалпы әр қабатта: қыз балалар мен ұл балаларға арналған дәретхана, бөлек жуыну бөлмесі бар.Бір-бірден әр қабатта тәрбиеленушілер үшін қолайлы жұмыс істеуге арналған демалыс орындары бар.
Интернат тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде интернат меңгерушісі, 12 күндізгі , 6 түнгі тәрбиеші жұмыс жасайды.
Тәрбиеленушілер сыныбына қарай топтарға бөлінген. Әр топ тәрбиешісі өз тобының мақсаты, міндеті бойынша жұмыс жүргізеді.
Мектеп интернатта 21:00 дейінгі уақытта тәрбиеленушілердің қасында топтарда бекітілген тәрбиешілер болады. Кешкі 21:00 тәрбиеленушілерді түнгі тәрбиешінің көмекшісіне тапсырылады. Кешкі түнгі тәрбиешінің көмекшісі тәрбиеленушілерді санап, қарап қабылдайды. Түнгі тәрбиешінің көмекшісі кешкі 21:00 ден-7:00 уақытта жауап береді. Егер осы уақыт ішінде тәрбиеленушілер ауырса, ата-анасына хабар беріп, бірінші көмек көрсетіледі.
Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын және қауіпсіз жағдайларын жасауға,олардың ой өрісі мен дене күшін дамытуда мектеп интернат жатақханасында қалыптасуын қамтамасыз етілуде мүмкіншіліктер жасалып жатыр.
Интернат тәрбиеленушілерін тәрбиелеу және олардың күнделікті өмірін ұйымдастыру жұмыстарын интернат меңгерушісі мен тәрбиешілер құрамы жүзеге асырады.Педагогикалық ұжымда бір интернат меңгерушісі он екі күндізгі тәрбиеші және алты тәрбиеші көмекшілері қызмет атқарады.
Тәрбиеленушілер сыныбына қарай топтарға бөлінген. Әр топ тәрбиешісі өз тобының мақсаты, міндеті бойынша жұмыс жүргізеді.
Мектеп-гимназия-интернат тәрбиешінің көмекшісі (түнгі тәрбиеші) туралы ақпарат
| № |
Аты-жөні |
Қызметі |
Білімі |
Жұмыс уақыты |
Қызметшінің жауапты топтары (қабаттар,сыныптар) |
|
1 |
Рахалиева Молдир Муслимжанқызы |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Тәуелсіздік көшесі 2-қабат, 3-қабат, 4-қабат |
|
2 |
Тлеуова Сагытгуль Амалбековна |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Тәуелсіздік көшесі 2-қабат, 3-қабат, 4-қабат |
|
3 |
Калимов Азамат Амангельдинович |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Аль-фараби көшесі 2-қабат, 3-қабат, 4-қабат |
|
4 |
Нурекина Орынкул Ахметовна |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Аль-фараби көшесі 2-қабат,3- қабат, 4-қабат |
|
5 |
Абдрахаева Калампыр Бахыткереевна |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Тәуелсіздік көшесі 2-қабат,3-қабат,4-қабат |
|
6 |
Нургалиева Назгуль Мендыбекқызы |
Тәрбиешінің көмекшісі |
Жоғарғы |
21.00-07.00 (күнара) |
Тәуелсіздік көшесі 2-қабат,3- қабат, 4-қабат |
Үйірме жұмысының жүйесі тәрбиелік іс-шаралармен тығыз байланыста. Жұмыс ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, тәрбиеленушілердің шығармашылықтарын дамыту, тіл табыса алу принциптері бойынша жасалады. Жалпы мектепішілік үйірмелерге қатысуын интернат тәрбиеленушілері толық қамтылған деп айта аламыз.Әрбір оқушы өз қызығушыларына сәйкес үйірмелерге қатысып жүр.Мектепішілік үйірмелерге қатысатын тәрбиеленушілер толық Домбыраға – 40, тәрбиеленуші , 5 топ-21, 6 топ- 24, 7 топ-6, 8 топ-12, 9 топ-7,10 топ-2, 11 топ-3.Биге – 29 тәрбиеленуші, Хор- 101 5-топтан-69,6-топ -32 , Волейбол-23, Баскетбол-12,Вокал-24 Шахмат-8,дарын театр. Мектептен тыс спорттық және музыкалық мектепке қатысатын тәрбиеленушілер саны – 75.
Мектеп-интернатта тәрбиеленушілердің тамақтану жүйесі
Мектеп-интернатта тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында 2025 жылдың 2-қыркүйек күні мектепішілік «Бракеражды комиссия құру туралы» № 464 бұйрық шығарылды. Комиссия құрамына директордың ДШЖ жөніндегі орынбасары , директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, интернат меңгерушісі, диеталық медбике, ата-аналар комитетінің мүшесі кіреді. Бракеражды комиссия мүшелері мектеп асханасының перспективалық мәзірге сәйкес тағамдардың дайындалуын және санитарлық нормалардың орындалуын бақылайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыз күнгі «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 76 бұйрығына сәйкес мектеп-интернатта Жаз-Күз, Қыс - Көктем 4 апталық перспективалық мәзір әзірленді. Интернатта тұратын балаларға 6 рет тамақтану қамтамасыз етілген. Күн сайын балалардың тамақтану рационында ет, май және өсімдік майы, жарма, қант, сүт және ашытылған сүт өнімдері, көкөністер, бидай және қара бидай наны бар. Тауық еті, балық, сүзбе, жұмыртқа, ірімшік мәзірге күнтізбелік 2/7 күнде 1 рет енгізіледі. Тамақтану арасындағы аралықтар 3,5-4 сағаттан аспайды. Келіп оқитын балалар күніне 2 рет тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Асханада арнайы тақтада мектеп директорының бекіткен мәзір ілінген. Тамақ даярлауға арналған өнімдерге барлық сертификаттар бар, сақтау мерзімі мен сақтау шарттарына сәйкес келеді.
Күн сайын ас блогінде дайын өнімнің тәуліктік сынамалары алынып арнайы тоңазытқышта сақталады.
Мектеп асханасы 120 орынға арналған, суық және ыстық сумен жабдықталған. Асхана қызметкерлері барлық арнайы заттармен және киімдермен қамтылған. Мектеп-интернат қызметкерлері терең медициналық тексеруден өткен, барлығында жұмысқа рұқсаты бар
Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхананың әрбір қабатында бейнебақылау орналасқан. Интернаттың әр корпусында бірінші қабатында вахтер қызметі ұйымдастырылған.
Жалпы бейнебақылау құрылғысының саны –29
Жатақхананың әрбір қабатында бейнебақылау орналасқан.
Аль –фараби көшесінде
1-қабат 2 бейнебақылау,
2-қабат 3 бейнебақылау,
3-қабат 3 бейнебақылау,
4-қабат 3 бейнебақылау,барлығы 11 бейнебақылау
Тәуелсіздік көшесінде бейнебақылау
1-қабат 3 бейнебақылау,
2-қабат 5 бейнебақылау,
3-қабат 5 бейнебақылау
4-қабат 5 бейнебақылау
Жалпы бейнебақылау құрылғысының саны –18
Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын және қауіпсіз жағдайларын жасауға,олардың ой өрісі мен дене күшін дамытуда мектеп интернат жатақханасында қалыптасуын қамтамасыз етілуде мүмкіншіліктер жасалып жатыр.
Интернат меңгерушісі: Байдаулетова Бакыткугуль Кадыржановна




























































































